Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кафе күзетшілерін ұрған полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысында кафе күзетшілерін ұрған полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, кафеде бұзақылық жасаған 4 полицей Қапшағай қаласындағы органда жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қапшағай қаласының полицейлері ішімдік ішіп алып, кафенің күзетшілерін ұрды делінген жазба тараған болатын.

Жанжалдың туындауына күзетшінің әрекеті себеп болған. Яғни, ол демалушыларға демалыс орнының жабылатынын айтып, бірнеше рет ескерту жасаған. Бұл жайт тәртіп сақшыларына ұнамағанға ұқсайды.

Сол себепті күзетшілерді ұрған болуы мүмкін. Бұл жайт Қапшағай қаласындағы кафелердің бірінде болған.

ҚазАқпарат тілшісі аталған орынның әкімшісімен телефон арқылы сөйлесті. Олар екі күзетшінің зардап шеккенін және олардың ауруханада жатқанын жеткізді.

"Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 293 бабы "Бқзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926948-almaty-oblysynda-kafe-kuzetsilerin-urgan-policiya-qyzmetkerleri-zumystan-quyldy/

pixel