RU

Батыс Қазақстанда 64 тонна пішен жанып кетті

жем шөп
Көрнекі фото: mezgil.kz

Батыс Қазақстан облысында 9 аула отқа оранып, 64 тонна пішен жанып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 тамыз күні Ақжайық ауданында болды.

Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінен 80 шақырым қашықта орналасқан Ақсуат ауылында Бейбітшілік көшесінде сағат 15.58-де қора-қопсы жанып, ол көршілес тұрған құрылыстарға ауысқан.

Өрт 550 шаршы метрді аумақты шарпыған. Барлығы 9 аулада қора-қопсы өртеніп, 64 тонна пішен жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖ департаментінен 10 қызметкер, 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 50 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 22.02-де толықтай сөндірілді.

Сондай-ақ 12 тамыз күні сағат 11.06-да Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінің шетінде 120 гектар құрғақ шөп пен бұта жанды. Оқиға орнында және ТЖ департаментінде арнайы штаб құрылды.

Өртті сөндіруге ТЖ департаменті (104 қызметкер, 15 техника), орман шаруашылығы мекемесі (20 қызметкер, 3 техника), ерікті өрт сөндіру құрылымдары (18 қызметкер, 3 техника) атсалысты. Өрт сағат 21.40-та сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926984-batys-qazaqstanda-64-tonna-pisen-zanyp-ketti/