RU

Таразда сот шешімімен 15 нысанның жұмысы тоқтатылды

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразда сот шешімімен 15 нысанның жұмысы тоқтатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаевтың айтуынша, сот Тараз қаласында 15 нысанның қызметін тоқтатты.

Олар – Salvador, Mfachiоn, GQ, Koala кафесі, Марко Поло кафесі, Tropkana кафесі, Disco-80-90 кафесі, Toy duman мейрамханасы, "Гаугартас" мейрамханасы, "Golden Hall" мейрамханасы, "Park Palace" кафесі, "Самурай" ойын клубы, "Севинч" мейрамханасы.

Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Жамбыл облысы қызыл аймақта. Ауруханалардың төсек-орынмен қамтылуы 63%.

1 тамызға дейінгі жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясына қатысты 9 630 жағдай тіркелген, соңғы тәулікте аурудың 135 жаңа жағдайы анықталған.

Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қала мен аудандарында байқалады.

"Ауруды жұқтырудың негізгі ықтимал орындары, ол отбасы мүшелерінің базар, сауда объектілеріне баруы, қоғамдық көлікті жиі пайдалану және отбасылық іс-шаралар. Жамбыл облысында карантин кезеңінде жұмыс істейтін нысандардың санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін 38 мониторинг тобы құрылған", - деді Бағлан Қыдырбаев.

Мониторинг топтарының мүшелері жыл басынан бері карантин талаптарын бұзған 836 нысанды анықтап, олардың басшылығына түсіндіру жұмысын жүргізіп, ескерту берген.

"Тексеру материалдары мен мониторинг топтарының санитарлық-эпидемиологиялық қызметке берген материалдар негізінде 835 миллион теңгеден астам сомаға 705 айыппұл салынды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында 71 кәсіпкерлік объектілерінде карантин шарасын қасақана бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 59 миллион теңгеден асатын айыппұл салумен 262 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - Бағлан Қыдырбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926986-tarazda-sot-sesimimen-15-nysannyn-zumysy-toqtatyldy/