Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені анықталды

Опубликовано:

ЛРТ
Кадр: Хабар 24

Astana LRT экс-басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргендері анықталды деп хабарлайды Atameken Business.

Сұлтанбеков бүгінгі таңда АҚШ-та жүргені анықталып отыр. Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал Арданның қай елде жүргені анықталғанымен, көпшілікке жария етілмеді.

Десе де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте атап көрсетілгендей, ол орналасқан мемлекеттің құқық қорғау органдары оны анықтау және қамауға алу шараларын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке Интерпол жеңіл рельсті транспорт құрылысы жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық пен жымқыру дерегі бойынша іздеу жариялаған болатын.

Бұл іс бойынша тергеу өткен жылдың басында аяқталып, көп ұзамай сот басталған еді. Жеті айыпталушыға қатысты үкім осы жылдың мамыр айының соңында жарияланды.

Сот отырсында Қазақстандағы жеті адам кінәлі деп танылды. Келтірілген залал 5,8 млрд теңгеге бағаланды.

Елорда билігі LRT жобасына қатысты пікір білдіріп, мемлекеттік сараптама келісім берсе, құрылыстың жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Кейін маусым айында жеңіл рельсті транспорттың құрылысы қайтадан басталды. Көп ұзамай бұл оқиғаға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926990-astana-lrt-isi-talgat-ardan-men-qanat-sultanbekovtin-qaida-zurgenderi-anyqtaldy/

pixel