Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

13 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Ал Түркістан облысы "сары" аймақта орналасқан.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиолоиялық ахуалға қатысты деректерді жаңартты. Оған сәйкес бір тәулікте 7 798 қазақстандық коронавирус жұқтырған. Олардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 672 322-ге жетті.

Еске сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі елімізде вакцина салдырғандар арасында қайтыс болғандар бар екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926997-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel