Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны неше адам алды

Опубликовано:

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 6 миллионға жуықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"2021 жылғы 13 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 991 676 адам вакцина салдырды, II компонентпен 4 616 253 адам" делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі елімізде вакцина салдырғандар арасында қайтыс болғандар бар екенін хабарлаған болатын.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиолоиялық ахуалға қатысты деректерді жаңартты. Оған сәйкес бір тәулікте 7 798 қазақстандық коронавирус жұқтырған. Олардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 672 322-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927008-elimizde-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-nese-adam-aldy/

pixel