Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жол сапасы үшін 21 әкім жазаланды

Опубликовано:

Жол
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында полицейлер жолдардан 2 мыңнан астам ақауды анықтап, нәтижесінде кемшіліктерді жою бойынша нұсқаулық берген. Сонымен бірге, 21 ауылдың әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 900-ге жуық бұйрық шығарылған.

Белгілердің жоқтығынан бастап қаптаманың сапасына дейін, әртүрлі заңбұзушылық анықталыпты. Осы ретте ауыл әкімдерін қосқанда 140 лауазымды және заңды тұлға жазаланғаны атап өтілді.

"18 әкім Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 630, 631 және 632-баптары бойынша жолдарды қанағаттанарлықтай күтіп ұстамағаны, тағы үшеуі 420-бап бойынша жарлықты орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Барлығына жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары 92 теміржол өткелін де тексерген. Мұнда да кемшіліктер анықталған.

Атап айтқанда, барлық жерде жол белгілері жоқ, жарықтандыру әрдайым жұмыс істемейді, өткелдің тақтайы да жақсы жағдайда емес. Осы үшін 19 лауазымды тұлғаға 550 мың теңге айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927015-pavlodar-oblysynda-zol-sapasy-usin-21-akim-zazalandy/

pixel