Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Фото: pixabay.com

Екібастұзда сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған. Кәмелетке толмаған бала бірден ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы pavlodarnews.kz басылымы хабарлады.

"Мәселен, 12 тамыз күні сағат 09.40-та Екібастұз қаласының ауруханасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала жатқызылды. Ол өз үйінде абайсызда аккумулятор қышқылын ішкен" , - деді баспасөз қызметінде.

Сол күні сағат 09.10-да Екібастұз қаласындағы пәтерде 41 жастағы тұрғын абайсызда аммиак қышқылын ішкен. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927022-ekibastuzda-segiz-zasar-qyz-abaisyzda-akkumulyator-qysqylyn-isip-qoidy/

pixel