Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандардың мәйітін алуға ұзын-сонар кезек пайда болды

Опубликовано:

Кезек
Фото: otyrar.kz

Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандар саны күн сайын артып бара жатыр. Егер бұрын мәйіт қабылдайтын патологоанатомиялық бюро айына 60-65 денені қабылдаса, қазір бұл көрсеткіш күніне 30-35 адамға жетіп отыр деп хабарлайды Otyrar.kz.

Таңертеңнен бастап Шымкенттегі патологоанатомиялық бюроға адамдар жиналуда. Автотұрақ көлікке толы, құжаттарды беруге арналған терезе алдында ұзын-сонар кезек.

Бұл аса байқалмайтын ғимаратқа бүкіл қаланың ауруханаларында және Түркістан облысының кейбір медициналық мекемелерінде қайтыс болғандардың мәйіттері жеткізіледі.

Мұнда туыстарына марқұммен қоштасуға рұқсат етіледі. Көз жұмғандардың көпшілігі коронавирустан қайтыс болғандар.

"Егер бұрын бізге айына 60-70 адам әкелсе, қазір күніне 30-35 адам келіп түседі. Сонымен қатар, олардың 80-90 пайызы коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар, инсульттан немесе инфаркттан көз жұмғандардың 1-2 жағдайы кездеседі", – дейді дәрігер-патологоанатом Марат Тоқтасов.

Жыл басынан бері Шымкентте коронавирустық инфекциядан 600-ден астам адам қайтыс болды. Сонымен қатар, көз жұмудың шегі шілде айында орын алып және қазір де жалғасуда. Өткен айдың басынан бүгінгі күнге дейін қалада ковидтен 300-ден астам адам көз жұмған.

Шымкент қаласының бас дәрігерінің айтуынша, марқұмдардың туыстары мәйітті бірден жерлегісі келеді. Бірақ тәртіпке сәйкес денелер тек 2-3 күннен кейін беріледі.

"Көптеген адамдар хабарласып, денені алып кетейік деп сұрап жатады. Әсіресе мұсылмандар. Біз оларға өлгеннен кейін мәйіт ауруханада 2 сағат жатуы керек екенін түсіндіреміз, содан кейін көліктердегі арнайы мамандар патологиялық бюроға апарады. Онда міндетті түрде денені кеседі, біз мәйіттердің ашылмай берілмейтінін түсінуіміз керек", – деп түсіндірді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927034-symkentte-koronavirustan-qaitys-bolgandardyn-maiitin-aluga-uzyn-sonar-kezek-paida-boldy/

pixel