RU

Семейде төрт күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Семей қаласында төрт күн бұрын жоғалып кеткен 30 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлайды Қазaқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 12 тамызда "112" қызметіне хабарласқан тұрғын Семейдегі Ертіс өзенінен ер адамның денесі табылғанын жеткізді.

Оқиға орнына тез арада келген құтқарушылардың мәйітті жағаға шығарғаны белгілі болды.

"Анықталғандай, бұл 8 тамызда жоғалған 30 жастағы жігіт болып шықты. Ол достарымен су жағасында демалып жүріп жоғалып кеткен. Өзен жағасынан оның жеке заттары табылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін департаменттің №7 құтқару бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізгенімен, ер адамның денесі табылмаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927038-semeide-tort-kun-buryn-zogalyp-ketken-er-adamnyn-denesi-tabyldy/