Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жол қиылысында билеген ер адамның әрекеті жұртты қайран қалдырды (видео)

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: zakon.kz/Youtube

Нұр-Сұлтан көшелерінің қиылысында билеген ер адам қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Кешкі уақытта Сейфуллин-Жангелдин көшелерінің қиылысында билеген азамат камера объективіне түсіп қалды. 33 жастағы ер адам өз әрекетімен жол ережесін бұзып, көліктердің қозғалысына кедергі келтірді" ,-делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, мас бишіні тәртіп сақшылары келгенге дейін жүргізушілердің бірі жол жиегінде ұстап тұрған.

Ер адам полиция басқармасына жеткізілді.

Ол қоғамдық орында мас жүргені үшін және жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 615 және 440-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927044-elordada-zol-qiylysynda-bilegen-er-adamnyn-areketi-zurtty-qairan-qaldyrdy-video/

pixel