Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы Highvill Astana элиталық тұрғын үй кешенінде курьер тоққа түсіп қалды

Опубликовано:

Жеделсатыда тұрған курьер
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтандағы Highvill Astana элиталық тұрғын үй кешенінде курьерді электр тогы ұрды. Полиция оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында хабарланды.

Жазба авторының айтуынша, курьер затты тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің біріне жеткізген. Ер адам лифтідегі түймені басқанда, денесі сал болып қалды.

Жеделсатыға бірге кірген астана тұрғыны көмекке ұмтылды.

"Жанындағы ер адам жәбірленушіге көмектесуге бекінді, ол зат тасушының қолын жеделсатыдағы түймеден жұлып алмақ болған. Курьердің айтуынша, содан кейін ол есінен танып, екі иығының шыққан және бұғана сүйектері сынған күйде ауруханада оянған", – делінген хабарламада.

Зардап шеккен курьер кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеді.

Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты қалалық полиция бөлімі пікір білдірді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 7 тамызда болған. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының айтуынша, электр тогының соғуына жеделсатының түймесі емес, домофон құрылғысы әсер еткен.

"24 жастағы астаналық тұрғынды домофон құрылғысының тогы ұрған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", –делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927050-nur-sultandagy-highvill-astana-elitalyq-turgyn-ui-keseninde-kurer-toqqa-tusip-qaldy/

pixel