RU

Шымкенттік полицейлер 100 адам жиналған тойды тоқтатты

Той
Фото: polisia.kz

Шымкенттік полицейлер 100 адам жиналған тойды тоқтатты деп хабарлайды Polisia.kz

Еңбекші АПБ полицейлері аудан аумағында орналасқан тойхана карантин талаптарын бұзып, дүйсенбі сағат 12:54-да 100 адамнан асатын қонақ шақырылған қыз ұзату тойын өткізіп жатқанын анықтады. Сонымен қатар қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де белгілі болды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927059-symkenttik-policeiler-100-adam-zinalgan-toidy-toqtatty/