Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бас санитарлық дәрігері қытайлық Vero Cell-мен вакцинациялау туралы қаулыға қол қойды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері халықты қытайлық жаңа Vero Cell препаратымен вакциналауға қатысты жаңа қаулыға қол қойды. Құжат Денсаулық сақтау министрлігі СЭБК ресми сайтында жарияланды.

Құжатта осы аптада Қазақстанға әкелінген Sinopharm Vero Cell препаратымен вакцинациялау ережелері бекітілген. Вакцина 18 жастан асқан ересектерге арналған.

"Құтыда екі рет егуге арналған 1,0 мл өнім болады, әрбір доза үшін 0,5 мл қажет. Бір адамға бірден 1.0 мл вакцинаны салуға тыйым салынады. Вакцинациялау кестесі бойынша екі дозаның аралығы 21-28 күн болуы керек", - делінген қаулыда.

Құжатта сонымен қатар, екпені салу және сақтау жолы көрсетілген. Мәселен, екпені бұлшықетке, көбінесе иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне салу қажет, ал тамыр ішіне енгізуге қатаң тыйым салынатыны айтылады.

Одан бөлек, вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер де аталды:

1) вакцинаның кез келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия;

2) вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);

3) бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ, анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы;

4) жүктілік және лактация кезеңі;

5) 18 жасқа дейін жас ерекшелік.

"Егер вакцинациядан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады", - делінген құжатта.

Сонымен бірге, вакцинаны келесі жағдайларда сақтықпен пайдалану керек:

1) жедел ауруы, созылмалы аурулардың өршуі және дене қызуы жоғары пациенттерге сақтықпен қолдану керек; қажет болған жағдайда, дәрігер вакцинацияны жүргізуді кейінге қалдырады;

2) қант диабетімен ауыратын пациенттерге және анамнезінде немесе отбасы анамнезінде құрысулар, эпилепсия, энцефалопатия, психикалық аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек;

3) вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның ұюының бұзылуы және тромбоцитопения бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек;

4) қатерлі ісік, нефроздық синдром, ЖИТС-пен ауыратын науқастар (бұл кісілерге вакцина қалай әсер ететіні, қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ) сияқты иммундық функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

"Иммундық-глобулиндер қабылдайтын адамдар иммундық тиімділікке әсер етуді болдырмау үшін осы препаратпен кемінде 1 ай аралықпен вакцинациялануы тиіс", - деп қосты бас санитарлық дәрігер.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927065-elimizdin-bas-sanitarlyq-darigeri-qytailyq-vero-cell-men-vakcinaciyalau-turaly-qaulyga-qol-qoidy/

pixel