RU

Алматыда өртеніп жатқан үйден төрт адам құтқарылды

Өрт сөндіруші
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда өртеніп жатқан үйден төрт адам құтқарылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 13 тамызда түнгі сағат 02: 58-де "101" пультіне Жетісу ауданы Ақтолқын көшесі №12 үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Белгіленген нормативтік уақыт бойынша (8 минутта) оқиға орнына жеткенде, 2-қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 300 шаршы метр ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Өрттің тез таралуына 1943 жылы салынған ғимараттың ағаш құрылымы (ағаш қалқалар, ағаш төбе жабындылары) ықпал етті. Тұрған үйдің барлық қабаттарында қою түтіннен эвакуация жолдары жабылып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді",- деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы Highvill Astana элиталық тұрғын үй кешенінде курьерді электр тогы ұрды. Полиция оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 7 тамызда болған. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының айтуынша, электр тогының соғуына жеделсатының түймесі емес, домофон құрылғысы әсер еткен.

"24 жастағы астаналық тұрғынды домофон құрылғысының тогы ұрған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", –делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927068-almatyda-ortenip-zatqan-uiden-tort-adam-qutqaryldy/