Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ата-анасы вакцина алмаған оқушылардың мектепке кірмейтіні рас па

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінің ата-аналар чатында вакцина алмаған ата-аналардың балалары мектепке кіргізілмейтіні туралы хабар тарады. Бұған қатысты елордалық білім басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

"1 қыркүйектен бастап балалар мектепке барады. Ата-анасы вакцина алмаған балаларды мектепке кіргізбейді. Ата-аналардың барлығын вакцина алуға шақырыңыздар", - делінген WhatsApp мессенджерінде тараған ақпаратта.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі бұл мәліметке қатысты пікір білдірді.

Ведомство дерегінше, аталған хабарламаға шындыққа жанаспайды.

"Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарланып отыр. Ата-анасы вакцинация қабылдамаған бала 1 қыркүйекте мектепке қабылданбайды деген шешім шыққан жоқ", - деді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927069-elimizde-ata-anasy-vakcina-almagan-oqusylardyn-mektepke-kirmeitini-ras-pa/

pixel