Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда пара алған бұрынғы лауазымды шенеунік 23 млн теңге айыппұл арқалады

Опубликовано:

Пара беру
Көрнекі фото: pixabay.com

Орал қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысына пара алғаны үшін 23 млн теңге айыппұл салынды. Экс-басшы ЖШС-нің банктік шоттарына салынған шектеуді алып тастауға көмектесуге уәде берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орал қалалық соты мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Әлхиевке қатысты үкім шығарды.

"1 наурызда "Саудает" ЖШС-нің құрылтайшысы мен бас бухгалтері Нұрлан Әлхиевке келіп, шенеуніктен серіктестіктің банктік шоттарындағы шектеулерді жоюға көмектесуін сұрайды.

Басшы бухгалтерден кеңседен шығуын өтініп, құрылтайшымен жалғыз қалған Нұрлан Әлхиев жұмыс үстелінен қағаз алып, онда үш сұрақ белгісін жазады. Пара беруші де қағазға сұрақ белгісін жазады.

Осы кезде ведомство басшысы сұрақ астына "1000" мен "$" белгісін салады, бұл жалпы алғанда 1000 АҚШ доллары дегенді білдіреді. Кәсіпкер бұл соманы бірден әкеліп береді.

Алайда, бірнеше күннен кейін Әлхиев ЖШС-нің банктік шотындағы шектеулерді алып тастай алмайтынын біліп, бұрын алған ақшаны қайтаруға шешім қабылдайды.

16 наурызда ақшаны қайтарып жатқан кезде оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған", – делінген сот үкімінде.

Сот Нұрлан Әлхиевті пара алғаны үшін кінәлі деп танып, оған 23,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Оған қоса, экс-басшы мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте де жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Айта кетейік, Әлхиевтің қамауда болғанын ескере отырып, оған салынған айыппұл мөлшері азайтылды (қамауда болған бір күн 4 АЕК-ке тең).

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927070-oralda-para-algan-buryngy-lauazymdy-seneunik-23-mln-tenge-aiyppul-arqalady/

pixel