Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ер адам тергеу изоляторына ұялы телефонды тортқа салып өткізбек болған

Опубликовано:

1
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында ер адам тергеу изоляторына ұялы телефонды тортқа салып өткізбек болды деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/1 мекемесінде болған. Сотталғанға келген сәлемдемені тексеру барысында тортты кесу кезінде ұялы телефон табылған. 45 жастағы сотталушы ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ерекше пакетті оған танысы  әкелген.

"Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізбеу үшін сотталғандармен және олардың туыстарымен үнемі әңгімелесу жүргізіледі. Дегенмен, келушілер қызметкерлердің салғырттығына үміттеніп, жаңа әдістерді ойлап табады. Сондықтан, тергеу изоляторына келген барлық сауқаттар мен сәлемдемелерге мұқият тексеру жүргізіледі", – деп түсіндірді АП-162/1 мекемесінің бастығы Әділхан Қапышев.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес мұндай әрекет ескертуге немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға құрал немесе зат болған объектіні тәркілеумен, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Еске салайық, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында түзету мекемесінің аумағына ұялы телефондар мен сим-карталардың партиясын лақтырмақ болған ер адам ұсталған еді.

"Тексеру кезінде қораптан екі смартфон мен сим-карталар табылып, тәркіленді. Ер адам тыйым салынған заттарды сотталған танысына лақтырмақ болғанын мойындады. 23 жастағы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", - деді ОВ 156/2 мекемесінің басшысы Еркін Кабин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927077-pavlodar-oblysynda-er-adam-tergeu-izolyatoryna-uyaly-telefondy-tortqa-salyp-otkizbek-bolgan/

pixel