Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Опубликовано:

Радио
Көрнекі фото: pixabay.com

1 қазан Радио қызметкерлерінің ресми күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram каналында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 13 тамызда Қазақстан үкіметінің қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланған.

"Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжануда", - делінген министрліктің хабарламасында.

Осы ретте, ведомсто Қазақстанда радиохабар тарату 1921 жылдың қазан айында басталғанын айта кетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында президент Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927132-qazaqstanda-zana-mereke-paida-boldy/

pixel