Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, дауыл, тұман: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

дауыл
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, бірқатар өңірде дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

Метеоролотардың мәліметінше, 14-15-16 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірде өрт қаупі сақталады.

14 тамыз Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

14-16 тамызда Алматы облысында кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Өңірдің кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

14-15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

14 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 37 градус қатты ыстық сақталады.

14-15 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең 15 тамызда кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

14 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Үржар ауданында жоғары өрт қауіпі сақталады.

14-15 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Өңірде өрт қауіпі сақталады.

14-16 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, жел және шаңды дауыл күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927141-naizagai-dauyl-tuman-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel