Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі National Geographic шымкенттік отбасының суретін әлем назарына ұсынды (фото)

Опубликовано:

Шымкенттік отбасы
Фото: Instagram / natgeo

Әйгілі National Geographic журналы ресми желі парақшасында шымкенттік отбасының суретін әлем назарына ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

National Geographic 177 миллионнан астам жазылушысы бар Instagram парақшасында Шымкентте тұратын әйел мен оның Баян есімді 12 жасар қызының суретін жария етті.

Фото авторы - Герхард Людвиг. Ол өз жазбасында сурет шымкенттік отбасының жиырмадан астам қонақты күтуге дайындалып жатқан сәтінде түсірілгенін жазған.

Сонымен қатар фотограф Шымкент туралы кішігірім ақпарат беріп, бүгінде шаһардың қарыштап дамып келе жатқанын әрі аймақтық сауда орталығы және миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстанның үшінші ірі қаласы атанып отырғанын сөз еткен.

Суретті көрген қазақстандықтар мен шымкенттік тұрғындар фото астына жарыса жағымды пікір қалдыруда.

Айта кетсек, америкалық-германиялық танымал фотожурналист саналатын Герхард өз желі парақшасында шымкенттің суреттерінен бөлек, елорданың көрікті суреттерін де жария еткен.

Еске салсақ, бұған дейін National Geographic журналы Алматы облысында орналасқан Тамғалы тас петроглифтері туралы ауқымды мақала жариялағанын жазған болатынбыз.

Журнал Тамғалы шатқалының тастағы суреттерін тұңғыш рет 1957 жылы археолог Анна Максимова бастаған Жетісу отряды ашқанын сөз етіп, жартастағы ең көне 3000 петроглифті бес топқа бөлуге болатынын жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927151-aigili-national-geographic-symkenttik-otbasynyn-suretin-alem-nazaryna-usyndy-foto/

pixel