Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар алдағы уақытта су тасқыны мен аптап ыстық жиілейтінін айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

Аптап ыстық
Көрнекі сурет: pixabay.com

БҰҰ өкілдері климаттың өзгеруіне қатысты баяндамасын жария етіп, алдағы уақытта су тасқыны мен аптап ыстық жиілей түсетінін болжады деп жазады "Хабар 24".

Мұндай болжаммен Қытай сарапшылары да келісіп отыр. Қытайда әдетте жазда нөсер жауып, су тасқынына ұласып жатады. Алайда соңғы уақытта табиғи апаты жиілей түскенін байқаған сарапшылар бұл климаттың өзгеруінің салдарынан болуы мүмкін деп топшылауда.

Тасқын бұған дейін Хэнань провинциясының халқын әлекке салса, енді аймақтағы Хубэй провинциясы да зардап шекті. Мұнда қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды. 20-дан аса адам көз жұмған. 4 мыңға жуық үйге нұқсан келді.

Мыңдаған гектар егіс алқабын су басты. Зақымдалған көлікте есеп жоқ. Мыңдаған адам үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Судың көптігіне байланысты құтқарушылар қайықпен эвакуациялауға мәжбүр. Мамандар жаңбыр келесі аптаға дейін жауатынын айтады.

3 миллион адам эвакуацияланады

Жапонияда су тасқынына байланысты қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды. Кей жерлерде лай көшкіні жүрген. Опат болғандар мен із-түзсіз жоғалып кеткендер бар. Күншығыс елінде аптаның басынан бері жаңбыр толастамай тұр.

Мамандар жауын-шашынның рекордтық мөлшері жауғанын айтады. Жаңбыр әлі бір апта жауатынын болжап отыр. Лай көшкіні жүру қаупі бар. Сондықтан билік 3 миллион адамды эвакуациялайды.

Тұрғындар көмекті шатырға шығып күтуге мәжбүр

Бұған дейін алапат орман өртінен зардап шеккен түрік халқын енді су тасқыны әбігерге салды. Ондаған адам көз жұмған. Елдің солтүстігінде 300 елдімекен жарықсыз отыр.

Президент Режеп Тайып Ердоған жапа шеккен өңірлерге аттанды. Тұрғындар көмекті үйдің шатырына шығып күтуге мәжбүр. Мамандар оларды тура сол жерден тікұшақпен эвакуациялап жатыр.

Елдің экономикалық астанасын су басты

Африкада да ұқсас жағдай. Камерунда елдегі ең ірі шаһар әрі мемлекеттің экономикалық астанасы саналатын Дуаланы су басты. Қала көшелеріндегі суағарлар жиналып қалған суды өткізіп үлгермей жатыр. Салдарынан жолда көлік қозғалысы қиындаған. Жүздеген үйдің бірінші қабатын су басқан. Камерунда қазір жаңбыр маусымы жүріп жатыр. Ол наурыздан қазанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927158-galymdar-aldagy-uaqytta-su-tasqyny-men-aptap-ystyq-ziileitinin-aityp-dabyl-qaqty/

pixel