Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайы бұрынғы жұмыс режиміне көшті

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді әуежай қалыпты жұмыс режиміне өтеді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы мен жарық сигналдық жабдықтың жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұшу және ұшып келу кестесі қайта жаңартылды", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Осылайша, 13 тамыздан бастап елорда әуежайы бұрынғы жұмыс режиміне, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.

Жөндеу жұмыстары 21 шілде мен 12 тамыз аралығында жүргізілді. Жөндеу жұмыстары сағат 11.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жүргізілді. Соған байланысты ұшу кестесіне өзгеріс енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927176-astana-auezaiy-buryngy-zumys-rezimine-kosti/

pixel