RU

“Қоңырау шалу үшін”: Ақмола облысында ер адам 15 жастағы қыздың телефонын ұрлап кетті

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында ер адам 15 жастағы қыздың телефонын ұрлап кетті деп хабарлайды Polisia.kz

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын өтініш білдірді.

Ер адам 15 жастағы кәмелетке толмаған қызының көпқабатты үйдің ауласында “Redmi Note 9s” маркалы телефоны ашық ұрланғанын хабарлады. Шығын сомасы 108 000 теңгені құрады. 15 жастағы қыздан қоңырау шалу үшін телефон сұрағаны алдын ала анықталды, ал кейінірек қылмыскер ұялы телефонмен қашып кеткені белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын құқық қорғау органдарының назарына түскен Ақмол ауылының 21 жастағы тұрғыны ілінді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927177-qonyrau-salu-usin-aqmola-oblysynda-er-adam-15-zastagy-qyzdyn-telefonyn-urlap-ketti/