Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда пәтерді жалға алып беремін деп 50 тұрғынды алдаған жігіт ұсталды

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: polisia.kz

Атырау полицейдері алаяқты ұстады, ер адамның 50 эпизодқа қатысы бар екені анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны 50 адамға «пәтерді жалға алып беремін» деп 1 млн-нан астам теңгені қалтасына басқан.

«Күдікті жарнама сайты арқылы хабарландыру жариялап, бірнеше қала тұрғынына уәде беріп, алдын-ала төлем жасатқан. Кейін ер адам ізім-қайым жоғалып кеткен. Алаяққа алданғандардың бірі – атыраулық әйел полицияға шағым түсірді. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері алаяқты «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтады.

Тексеру кезінде Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны 50 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Бұрын сотты болған ер адам өз кінәсін толықтай мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлімі, 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927182-atyrauda-paterdi-zalga-alyp-beremin-dep-50-turgyndy-aldagan-zigit-ustaldy/

pixel