Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі көз жұмды

Опубликовано:

Көлік
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі көз жұмды деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамызда сағат 17.20-да “Покровка-Жаңажол” тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында 21 шақырымында, темір қаласы маңындағы жергілікті маңызы бар “Покровка-Жаңажол“ жолында автокөлігін басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткені анықталды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927214-aqtobe-oblysynda-zol-apaty-saldarynan-toyota-land-cruiser-zurgizusisi-koz-zumdy/

pixel