Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір өңірі "жасыл" аймаққа ауысты

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Түркістан облысы "жасыл" аймаққа ауысты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

15 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7427 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 687 259-ға жетіп отыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі елімізде вакцина салдырғандар арасында қайтыс болғандар бар екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927235-elimizdin-bir-oniri-zasyl-aimaqqa-auysty/

pixel