Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиададағы сәтсіздік: Ұлттық құрама бапкерлері ауыса ма

Опубликовано:

Рыпакова мен Қоңқабаев
Фото: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Токио Олимпиадасы отандық спортшылар үшін сәтті бола қойған жоқ. Ел қоржынына жазғы ойындарда тек сегіз қола медаль түсті. Алайда қазақстандықтар бұл нәтижеге көңілі толмайтындарын әлеуметтік желіде ашық жеткізді. Осы орайда орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Nege.kz порталының тілшіс тиісті мекемеге "Олимпиададағы сәтсіздіктерден кейін Ұлттық құрама бапкерлерін ауыстыру жоспарда бар ма?" деген сауал қойды.

Бұл сауалға Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов жауап берді. 

Оның сөзінше, қазіргі уақытта олимпиаданың қорытындысын әрбір федерация өз ішінде талқылауы керек.

"Ұлттық Олимпиада комитеті өз тарапынан жарыс кезінде кеткен кемшіліктерді әрбір федерациядан хатпен сұрастырып жатыр. Жиындарға Олимпиада комитетінің атынан біздің мамандар да міндетті түрде қатысады. Әрбір федерацияның ұсынысы бойынша нашар нәтиже көрсеткен спорт түрлерінен бапкерлерді ауыстыру мәселесі қаралады. Жеңіліс болған жерде оған кінәлі адамдар да болуы керек. Оның ішінде тек қана жаттықтырушыларды кінәлаудың қажеті жоқ. Бұл жерде федерацияда істеп жүрген азаматтар мәселені кешенді қарап, сол жиындарда айтылады деп отырмыз. Біз сол ұсыныстарды күтудеміз. Ұсыныстардан кейін нақты шешім шығарамыз", - деді Елсияр Қанағатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927242-olimpiadadagy-satsizdik-ulttyq-qurama-bapkerleri-auysa-ma/

pixel