Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанның 84 әскери қызметкері Өзбекстан шекарасын кесіп өтті (видео)

Опубликовано:

Ауған
Видеодан кадр: t.me/Bukharainfo

Ауғанстан үкіметінің әскері тәліптер Мазари-Шариф қаласын басып алғаннан кейін Өзбкекстан шекарасына қарай шегінді. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Бұған дейін "Талибан" ұйымының әскерилері (Қазақстан аумағы мен бірқатар елде тыйым салынған) Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласын алғаны белгілі болған. Ол үлкендігі жөнінен Ауғанстандағы төртінші қала, Балх аймағының астанасы әрі Өзбестанмен шекаралас қала. Ауған үкіметінің әскерилері соғыссыз берілгені хабарланды.

Өзбекстан СІМ мәліметінше, 14 тамызда Ауғанстанмен шекаралас аймақтардың бірінде шекарашылар шекарадан өткен 84 ауған әскерін ұстаған. Олар еш қарсылық көрсетпеген.

"Шекара бұзушылар қарсылық танытпады және жарақат алған үш адамға медициналық көмек көрсетуді сұрады. Ауған азаматтары санитарлық-эпидемиологиялық тексеруден өткізіліп, кейбіріне медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, олар тамақпен қамтамасыз етілді, уақытша жататын орын берілді", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, әлеуметтік желіде Ауғанстанның Хайратон және Өзбекстанның Термез қаласын жалғайтын "Достық көпіріне" жиналып қалған көліктердің видеосы пайда болды.

Ведомствоның дерегінше, аталған бейнежазбада Ауғанстан үкіметінің әскери қызметкерлері көрсетілген. Оларға гуманитарлық көмек берілген.

"Өзбекстан СІМ ауған азаматтарын отанына қайтару және "Термез-Хайратон" көпірі ауданындағы жағдайды бақылау бойынша ауған тарапымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Одан бөлек, 14 тамызда "Термез - Мазари-Шариф" теміржол аумағында қызмет ететін Өзбекстан Республикасының азаматтарын қайтару ұйымдастырылды.

Мемлекетік шекараны күшейтілген режимде күзетіліп, қорғалып жатқанын айта кеткен жөн. Барлық тиісті шара қабылданды. Термезде жедел штаб құрылды. Оның құрамына күштік құрылымдар басшылары мен мемлекеттік билік органдарының өкілдері кірді", - деді Өзбекстан СІМ.

Бүгінде Ауғанстанда тәліптер күшейіп келеді. Әртүрлі деректерге сәйкес, олар Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан мен Түркіменстанмен шекараларас аймақтарды қоса алғанда, ел аумағының 90 пайызын өз бақылауына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927252-auganstannyn-84-askeri-qyzmetkeri-ozbekstan-sekarasyn-kesip-otti-video/

pixel