Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңалықтарды жариялаймын": Жандарбек Бекшин Instagram-ға тіркелді

Опубликовано:

Жандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин. Фото: primeminister.kz

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Instagram желісіне тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әзірге оңтүстік астананың бас санитар дәрігерінің парақшасында тек бір жазба бар. Бекшин видеода неліктен танымал желіге тіркелгенін түсіндіреді.

"Қазір тұрғындар ақпаратты әлеуметтік желі арқылы алады. Сол себепті мен біздің қаламызға қатысты эпидемиологиялық ахуал жайында жаңалықтармен бөлісетін боламын. Instagram-да жариялаймын", - делінген бас санитар дәрігердің видеосында.

Видеоның жарияланғанына 3 сағат уақыт болса да, санитар дәрігердің парақшасына 2701 адам жазылып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927259-zanalyqtardy-zariyalaimyn-zandarbek-beksin-instagram-ga-tirkeldi/

pixel