Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан 97 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24

Бүгін Алматыдан 97 шақырым қашықтықта жер сілкінді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 тамыз күні Алматы уақытымен 12 сағат 52 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.1, магнитудасы – 4.5. Жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған. Қурты селосында 2 балдық жер сілкінісі сезілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 25 маусымда Алматы уақытымен 6 сағат 3 минутта жер сілкінісі тіркелген еді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 538 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5, тербелісі – 4.1. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927262-almatydan-97-saqyrym-qasyqtyqta-zer-silkindi/

pixel