Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Алматыда жалған ПТР нәтижесін сатқан студент ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласында жалған ПТР нәтижесін сатқан медицина университетінің студенті ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде жұмыс істейтін 25 жастағы студент ұсталған.

Бұған қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов пікір білдірді.

Ол келіп түскен хабарламаны бірнеше күн тексергендерін, нәтижесінде ақпараттың расталғанын жеткізді.

Науатовтың сөзінше, күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағалаған.

"Аталған факт бірыңғай сот алды тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық мойындап отырған азамат тек қана бір рет жалған ПТР нәтижесін жасағанын алға тартып отыр. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергендігін анықтайтын боламыз", - дейді криминалдық полиция басқармасының басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында жалған вакцина паспортын сатқандарды анықтағанын жазған едік.

Олар жалған вакцинация паспорттарын 5 000-нан 30 000 теңгеге аралығында сатқан.

Қазіргі таңда 7 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927334-koronavirus-almatyda-zalgan-ptr-natizesin-satqan-student-ustaldy/

pixel