Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысы полицейлері жезөкшеліктің жолын кесті

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: polisia.kz

Орал қаласының тұрғыны интимдік қызмет көрсету үшін жезөкшелік қызметін ұйымдастырып, күш қолдану арқылы үш қызды интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті талапқа көнбегендерді жазалаған. Тіпті, келушілер мен клиенттердің аты-жөні, қызметтің бағасы жазылған арнайы журнал табылды.

Анықталғандай, притонды 33 жастағы Ш. есімді азаматша ұйымдастырған. Ол бұрын ұқсас іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Келіп түскен жедел ақпарат бойынша жедел іс-шаралар өткізу барысында БҚО ПД Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Маметова көшесіндегі күдікке ілінген пәтерден 13 тамыз күні сағат таңғы 06:00-де ұйымдастырушысы мен оның 26 жастағы М. және 25 жастағы Л. есімді сыбайластарын ұстады. Олар үш қызды интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген және бұл үшін ақшалай сыйақы алып отырған.

Ұстау кезінде күдіктілердің үйінен 140 000 теңге ақша тәркіленді. Аталған сумма – екі күнде көрсеткен қызметтерінің төлемі. Интимдік қызмет көрсеткен қыздар мұны өз еркімен емес, мәжбүрлеу арқылы жасағандарын айтты, өйткені оларға бағынбағаны үшін күш қолданып келген", – деп БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді.

Еске салсақ, Алматы полициясы демалыс күндері интимдік қызмет көрсеткен үш массаж салонын анықтаған еді.

Массаж салоны мегаполистің Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан. Сонымен қатар, жезөкшелік пен жезөкшелік ұйымдастыруға үй-жай берген ғимарат иелеріне де шара қолданылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927386-batys-qazaqstan-oblysy-policeileri-zezokseliktin-zolyn-kesti/

pixel