RU

Көкшетауда кәсіпкер мен оның жанұясына серіктесі қоқан-лоққы көрсеткен

Бизнесмендер
Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетау тұрғынына бизнес серіктесі мен оның отбасына қоқан-лоққы жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамызда Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне 57 жастағы кәсіпкерден арыз түскен.

Ер адам ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап белгісіз біреулер телефонмен және смс хабарламалар арқылы өзін және отбасын қорқытып жатқанын жеткізіпті.

Тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктінің кім екенін анықтады.

Басылым дерегінше, ер адам арыз берушімен іскерлік қарым-қатынаста болған.

Серіктестердің арасындағы қаржы мәселелерінің шешілмеуі жанжалға алып келіпті.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды.

Күдіктіге келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927400-koksetauda-kasipker-men-onyn-zanuyasyna-seriktesi-qoqan-loqqy-korsetken/