Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин Алматыда қандай жағдайда қатаң шектеу шаралары алынатынын айтты

Опубликовано:

Жандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин. Фото: ОКҚ

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада шектеу шаралары қандай жағдайда алынатынын айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, басты міндет - халықтың иммундық қабатын қалыптастыру.

"Біздегі шектеу шараларын алып тастау үшін, тұрғындардың 70-80 пайызы вакцина алуы қажет. Тек сол кезде біртіндеп шектеу шараларын алып тастай аламыз",-деді мегаполистің бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин қазіргі уақытта Алматы "қызыл аймақта, жағдай шиеленісіп тұрғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 7217 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 694 476-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, өткен тәулікте 5 421 адам дерттен жазылған.

Қазір елімізде 119 547 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 937 адамның жағдайы ауыр, 507 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 228 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, 16 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 092 882 адам, екінші компонентін 4 717 883 адам салдырған.

Қазір COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша Түркістан облысынан өзге аймақтың барлығы "қызыл" аймақта тұр. Түркістан облысы 15 тамызда сарыдан "жасыл" аймаққа өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927404-beksin-almatyda-qandai-zagdaida-qatan-sekteu-saralary-alynatynyn-aitty/

pixel