Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Төле би көшесі уақытша жабылады

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыдағы Төле би көшесінің кей учаскелерінде көліктердің жүруіне тыйым салынады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында Төле би көшесінің бойы, атап айтқанда А. Байтұрсынов пен Қ.А Яссауи көшелерінің аралығы жабылады», - деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы.

Уақытша шектеу жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізілді.

Сонымен қатар, Б. Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысындағы жолайрығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13-23 тамыз аралығында Момышұлы көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Басқарма өкілдері тұрғындарды қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927405-almatyda-tole-bi-kosesi-uaqytsa-zabylady/

pixel