Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген

Опубликовано:

1
Фото: polisia.kz

Алматыда 76 жастағы зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының Алатау ауданындағы “Әйгерім” ықшам ауданындағы үйлердің бірінің 76 жастағы тұрғыны немересімен бірге “канопля” және “марихуана” есірткілерін заңсыз өсірген.

Г.есімді әйелдің тұрғылықты жерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылды және тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана, жалпы салмағы 6 келі 680 грамм. Қазіргі уақытта Алатау ауданының ПД-де ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927456-almatyda-zeinetker-nemeresimen-birge-esirtki-osirgen/

pixel