Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда 70 порнография сайты анықталды

Опубликовано:

Смартфон
Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 70 порнографиялық сайтты анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 9-15 тамыз аралығында «Anti-fraud» жедел алдын алу шарасын жүргізді.

Мұндағы мақсат – ақпараттық технологияны қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу.

«Жеті күн ішінде тәртіп сақшылары 12 интернет алаяқтықты әшкереледі. Сондай-ақ бұрын жасалған 33 қылмыс ашылды. Ғаламтор желісіне мониторинг жүргізу нәтижесінде порнография бейне роликтері бар 70 сайт анықталған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары азаматтарды ғаламторды пайдаланған кезде барынша сақ болуға шақырады. Ақшаңызды, банк картаңыздың деректерін және ұялы операторлардан түсетін құпиясөздерді бейтаныс адамдарға жібермеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927461-sygys-qazaqstanda-70-pornografiya-saity-anyqtaldy/

pixel