Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Шымкентте карантин ұзартылды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаев коронавирустың таралуына байланысты карантин мерзімін ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

Қаулы Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Құжат мәтініне сәйкес, қаладағы карантиндік шектеу шаралары 17 тамыздан бастап жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылатын болады.

"Шымкент қаласында карантин режимі мен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 17 тамызынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", - делінген бас санитар қаулысында.

Сондай-ақ, азық-түлік сатпайтын дүкендер Ashyq жобасына қатыспаған жағдайда, олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Тек жеткізу қызметі қалыпты жағдайда жұмыс істейді.

Ashyq жобасына қатысатын аталмыш санаттағы дүкендер таңғы жетіден түнгі онға дейін, ал "Лидер" статусы бар қатысушылар түн жарымына дейін жұмыс істей алады, сенбі және жексенбі күндері жабық болуы тиіс.

Зоосаябақтар жұмысына да Ashyq қосымшасынсыз тыйым салынған. Ал Ashyq қосымшасымен таңғы жетіден түнгі онға дейін, "Лидер" статусы бар қатысушылар түн жарымына дейін жұмыс істей алады. Зоосаябақтар да сенбі және жексенбі күндері жабық болуы тиіс.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927463-covid-19-symkentte-karantin-uzartyldy/

pixel