Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханов қайтыс болды

Опубликовано:

Амангелді
Фото: Instagram / amangeldyseitkanov_official

Танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітханов қайтыс болды. Бұл туралы "Хабар" телеарнасының тілшісі Ардақ Айбарұлы өз Facebook парақшасында жазды.

"Бұл ажал дегенге шара бар ма? Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан ағамыздан айырылып қалдық. Мына аты жаман індет ешкімді аямады-ау. Не дерімді білмей отырмын. Дүние - жалған деген осы. Отбасы, туған-туыс, дос-бауырларына қайғыра көңіл айтамын. Иманды болыңыз, жездеке", - деп жазған Ардақ Айбарұлы.

Амангелді Муатқанұлы Сейітханов 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында дүниеге келген.

1991-1994 жылдары "Спорт" газетінде жұмыс істеп, 1994 жылдан "Қазақстан" телеарнасындағы "Тұғыр"бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары болды.

"Құмсағат" бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылдан "Хабар" агенттігінде жұмыс істеді. Футболдан "Франция-98" Азия ойындары (1999), Банкгок, Бусан, Оңтүстік Корея чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді. Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).

1998 жылы ҰОҚ-і Амангелді Сейітхановты таңдаулы спорт журналисі деп таныды.

KAZ.NUR.KZ порталы Амангелді Сейітхановтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Еске салсақ, бұған дейін белгілі қазақстандық журналист Қалыбек Атжан дүниеден өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927467-belgili-sport-kommentatory-amangeldi-seiitxanov-qaitys-boldy/

pixel