RU

"Есімі ел есінде сақталады": Мемлекет басшысы Амангелді Сейітханның жақындарына көңіл айтты

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Берік Уәлидің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын.

Амангелді Муатқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін.

Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын" - деп жазылған президенттің көңіл айту жеделхатында.

Еске сала кетейік, танымал спорт комментаторы кеше қайтыс болды. Әріптестерінің сөзінше, Амангелді Сейітханның өміріні коронавирус жалмапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927482-esimi-el-esinde-saqtalady-memleket-bassysy-amangeldi-seiitxannyn-zaqyndaryna-konil-aitty/