RU

"Басы денесінен бөлініп қалған": Жамбыл облысында адам шошырлық жол апаты болды

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында "Фольксваген-Пассат" жеңіл көлігі бетон бағанасына соғылып, салдарынан бір жолаушының басы жұлынып қалды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна дерегінше, қайғылы жағдай Байзақ ауданының орталығында болған.

Тәртіп сақшылары 27 жастағы жүргізушінің рөлге ие бола алмай, екпінмен келіп жол жиегіндегі бағанаға соғылғанын жеткізді. Қатты соққы салдарынан солондағы екі жолаушы зардап шекті. Жас шамасы 12-13-тегі жасөспірімдердің біреуінің басы денесінен бөлініп қалған, дейді куәгерлер. Ал, екіншісінің ауруханаға түскені белгілі болды.

Полиция мәліметінше, көлік жүргізушісі апат болған жерден қашып кеткен. Бірақ көп ұзамай қолға түсті, дейді олар.

Қазіргі уақытта дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927490-basy-denesinen-bolinip-qalgan-zambyl-oblysynda-adam-sosyrlyq-zol-apaty-boldy/