RU

Өткен тәулікте қанша қазақстандық коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты деректерді жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 6 869 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Қазақстанда өткен тәулікте 6869 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 632

Алматы қаласы - 1517

Шымкент қаласы - 450

Ақмола облысы - 285

Ақтөбе облысы - 300

Алматы облысы - 383

Атырау облысы - 562

Шығыс Қазақстан облысы - 256

Жамбыл облысы - 171

Батыс Қазақстан облысы - 65

Қарағанды облысы - 1101

Қостанай облысы - 273

Қызылорда облысы - 148

Маңғыстау облысы - 152

Павлодар облысы - 330

Солтүстік Қазақстан облысы - 161

Түркістан облысы - 83

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 701 345-ке жетті.

Айта кетейік, Алматы қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, оңтүстік астанада карантин 31 тамызға дейін жалғасады.

Тиісті құжатта Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың қызметіне, кәсіпорындардың қызметіне (Ashyq-қа қатысқанына қарамастан) демалыс және мереке күндері тыйым салынатыны көрсетілген.

Сондай-ақ, оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар белгіленді:

  • оқушылар көп жиналатын орындарда – асханаларда, дәретханаларда, рекреацияларда ауа рециркуляторлары орнатылады;
  • барлық білім беру мекемелерінде Ashyq жүйесі енгізілді; бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бөлек есіктен кіреді;
  • барлық қызметкерлер мен балалар күнделікті таңертеңгі сүзгіден өтеді; бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • оқушылар сыныптан - сыныпқа көшіп оқымайды;
  • бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үзіліске бір мезгілде шықпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927495-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/