Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта мобильді топ тойхана терезесінен кіріп, үйлену тойының үстінен түсті (видео)

Опубликовано:

Балқаш
Видеодан кадр: instagram.com/balqash_qalasy_akimdigi

Балқашта мобильдік топ өкілдері үйлену тойы өтіп жатқан мейрамхананың терезесінен кірді. Бұл туралы Балқаш қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, 16 тамызда сағат 15.30 шамасында жақында ашылған "Айлин" мейрамханасында мобильдік топ той үстінен түскен.

Мекеме әкімшілігі қонақтарын іштен жауып, рейд мүшелерін кіргізбеген. Арнайы күштер шақыртылып, ішке терезе арқылы уге тура келген.

Тиісті хаттама толтырылып Балқаш қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілген.

Бұл жолы мейрамхана иесі мен ұймдастырушысынан бөлек, қонақтар да әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Тиісті түсініктемелер құжаттамаға тіркеліп жіберілді.

Еске сала кетсек, Павлодарда спорт залда той жасағандар ұсталып қалғанын жазған едік.

Коронавирус инфекциясының қарқынды таралуына қарамастан, Павлодар ауданы Маралды ауылының спорт залында 50 адам қатысқан "Тілашар" отбасылық іс-шарасы өткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927496-balqasta-mobildi-top-toixana-terezesinen-kirip-uilenu-toiynyn-ustinen-tusti-video/

pixel