Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біреудің жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген әйел жұртты шошытты

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің тргеу комитеті басқа біреудің баласын перзентхананың терезесінен лақтырып жіберген 29 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Қазақпарат.

Ресейдің Башқұртстан Республикасы бойынша Тергеу комитетінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 16 тамыз күні сағат шамамен 18:00-де бір әйел Стерлитамак перзентханасының үшінші қабатынан өзімен бірге бір палатада жатқан әйелдің жаңадан туған нәрестесін лақтырып жіберген. Нәресте алған жарақаттардан мерт болды.

Қазіргі уақытта 29 жастағы Стерлитамак тұрғынына қатысты жас баланы өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Оқиға орнында басшылық пен тергеу бөлімі, республиканың тергеу басқармасы аппаратының тергеуші-криминалистері тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеуде.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, оны қамау туралы мәселе қарастырылып жатыр. Қылмыстық істің тергеуі республиканың тергеу басқармасы басшылығының бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927530-bireudin-zana-tugan-sabiin-terezeden-laqtyryp-zibergen-aiel-zurtty-sosytty/

pixel