Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ұсталды

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: hour24.ru

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызметтің Telegram каналы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысының "Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ол облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің аясына кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Еске сала кетсек, Қызылорда облысында мәдениет басқармасының басшысы ұсталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап, оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысын әшкерелеген.

"Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927538-aqmola-oblysynda-auyl-saruasylygy-basqarmasynyn-bassysy-ustaldy/

pixel