Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 16-тамыз күні сағат 19:15-те "Самара-Шымкент" автожолының Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанында тіркелді.

Шалқар ауданының 39 жастағы тұрғыны, "Nissan X-Trail" автокөлігінің жүргізушісі Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы "Volvo FH460" жүк көлігімен соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан "Nissan X-Trail" автокөлігінің жүргізушісі, 40 жастағы жұбайы, 11 жастағы ұлы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жасар қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Онда 5 жасар ұлы көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі, яғни, «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",- деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927563-aqtobede-zol-apatynan-bir-otbasynyn-tort-musesi-qaza-tapty/

pixel