Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыстағы қатаң шектеу: Жандарбек Бекшин жаңа қаулыны түсіндірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулысын түсіндірді. Онда демалыс күндері мегаполисте локдаунның жалғасатыны көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жалпы, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен "қою қызыл" аймақта енгізілген шектеу шараларын қарастырып жатырмыз. Карантин талаптары белгіленді, біз олардың орындалуын бақылап отырмыз", деді ол.

Жандарбек Бекшин Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін еске салды.

Оның сөзінше, тәулігіне 1500- ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді, дейді бас санитар дәрігер.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин Алматыда тәуліктік өсім тамыздың алғашқы күндеріндегі 1,5 пайыздан қазіргі уақытта 1,22 пайызға дейін төмендегенін сөз етті.

Одан бөлек, соңғы аптадағы "симптомдық" науқастардың салыстырмалы салмағы алдыңғы аптамен салыстырғанда 93 пайыздан 94 пайызға дейін артыпты.

Бұл айналымдағы коронавирус нұсқасының жоғары патогенділігін көрсетеді, деді Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойған еді. Оған сәйкес, оңтүстік астанада карантин 31 тамызға дейін жалғасады.

Тиісті құжатта Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың қызметіне, кәсіпорындардың қызметіне (Ashyq-қа қатысқанына қарамастан) демалыс және мереке күндері тыйым салынатыны көрсетілген.

Сондай-ақ, оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар белгіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927583-demalystagy-qatan-sekteu-zandarbek-beksin-zana-qaulyny-tusindirdi/

pixel