Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз қаражаты есебінен вакцина салдыруы керек": Бекшин екпе төлқұжатын сатып алу туралы айтты

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинация төлқұжатын сатып алған адамдарға екпе салдыру туралы өз пікірін білдірді. Дәрігер мұндай азаматтар өз қаражаты есебінен екпе салдыруы керек деп санайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл менің ұсынысым, халық бұл туралы айтып жүр, мен де қолдаймын, себебі олар залал келтірді. Олар екпе салдырмаған және вакцина барлық дерлік жағдайда төгілді. Сондықтан олар өз қаражаты есебінен вакцина салдыруы керек деп есептеймін. Себебі олар бюджеттік қаражатты шығындаған, қазірдің өзінде көптеген адам өз қателіктерін түсініп, өтініш беріп жатыр. Сондықтан олар өз қаражатына вакцина салдыруы керек деп санаймын", – деді Бекшин.

Соған қарамастан, ол бұл оның жеке пікірі екенін, себебі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакцинациялау ақысыз екенін айтты.

"Біздің елде коронавирусқа қарсы вакцина салдыру тегін, ал бүгінде өз қаражаты есебінен вакцинациялау механизмі жоқ. Ал егер қаласа, олар тегін егілуі керек", – деді санитар-дәрігер.

Сонымен қатар, Бекшин вакцинациялау паспортын сатып алған, бірақ екпе алғысы келетін адамның вакцинация орталығына келуге болатынын айтты. Орталық вакцинация салудан бас тарта алмайды.

"Сіз келіп себебін түсіндіріп беруіңіз керек, олар міндетті түрде вакцина салады. Құқық бұзушының вакцина салдыруын болдырмайтын механизм жоқ", – дейді санитар-дәрігер.

Вакцинация төлқұжаттарын сатып алу жағдайларына келетін болсақ, ол статистикалық мәлімет жоқ болса да, тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927584-oz-qarazaty-esebinen-vakcina-saldyruy-kerek-beksin-ekpe-tolquzatyn-satyp-alu-turaly-aitty/

pixel