Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар пандемия кезінде қай елдерге ұша алады

Опубликовано:

әуежай19
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандықтар пандемияға қарамастан қай елдерге ұшып бара алатынын хабарлады. Мемлекеттердің тізімін ведомство ресми Telegram парақшасында жариялады.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта 16 елге 46 бағытта халықаралық рейстер орындалуда.

  • Түркия - аптасына 54 рейс;
  • БАӘ - аптасына 31 рейс;
  • Өзбекстан - аптасына 36 рейс;
  • Ресей - аптасына 10 рейс;
  • Грузия - аптасына 20 рейс;
  • Қырғызстан - аптасына 9 рейс;
  • Беларусь - аптасына 8 рейс;
  • Украина - аптасына 8 рейс;
  • Германия - аптасына 9 рейс;
  • Тәжікстан - аптасына 2 рейс;
  • Оңтүстік Корея – аптасына 3 рейс;
  • Египет - аптасына 2 чартерлік рейс;
  • Нидерланды - аптасына 1 рейс;
  • Черногория - аптасына 7 рейс;
  • Польша - аптасына 1 рейс;
  • Армения - аптасына 1 рейс.

Сонымен қатар, ведомство барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов шетелге шығу үшін қазақстандықтардың қарызы қанша теңгеден аспауы керек екенін түсіндірген болатын.

Оның сөзінше, салық, алимент, коммуналдық қызмет, шағын несие және де басқа да борыштар бойынша өтелмеген қарыздар елден шығуға тосқауыл болады.

Бұрын берешегі 20 айлық есептік көрсеткіштен асатын (қазір бір АЕК 2 917 теңгеге тең – ред.) адамдар ел аумағынан шығарылмайтын. Ал биыл қарыз сомасы өзгерді, дейді Әбділов.

Енді 40 АЕК немесе 116 680 теңге және одан көп қарызы барлар борышкерлер тізіміне кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927607-qazaqstandyqtar-pandemiya-kezinde-qai-elderge-usa-alady/

pixel